Қызылорда облысында "қорқынышты лақтың" дүниеге келгені туралы ақпарат тарады

0
83

Әлеуметтік желіде бейнежазба пайда болды.


Қызылорда облысында

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында ерекше жануардың дүниеге келгені туралы ақпарат тарады, деп жазады inbusiness.kz.

Желідегі ақпаратта Қызылорда облысында сирек кездесетін аномалиясы бар жануардың дүниеге келгені айтылған. Видеода бір көзді, ішінде екі қарашығы бар лақ бейнеленген.

"Куәгерлердің айтуынша, ерекше лақ өңірдегі жекеменшік шаруашылықтардың бірінде туған. Жануардың туа біткен патологиясы бар. Көз ұялары бірігіп, бір ғана көзге айналған. Бұл құбылыс ғылымда "циклопия" деген атауға ие", – делінген таралған бейресми мәліметте.

Осы оқиғаға байланысты Қызылорда облысы ветеринария басқармасының "Сырдария аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байланысқа шығып едік. Мекеме ақпаратты растады, бірақ жануардың бірнеше сағаттан кейін өліп қалғанын айтты.