Қытайлық блогер Қазақстанның "Достық" орденімен марапатталды

0
291

2025 жылғы мамырда оған "Қазақстан туризм елшісі" мәртебесі берілді.


Қытайлық блогер Қазақстанның

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

ERNUR.KZ. Қытайлық блогер Тао Минсю Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. Оған Қазақстанды Қытай медиасында насихаттағаны үшін алғыс айтылды, деп жазады stan.kz.

Марапатты блогерге вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Марапат Тао Минсюның Қазақстанды Қытайда насихаттаудағы еңбегін, мәдени және туристік әлеуетін танытуды, сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы үлесі үшін берілді.

"II дәрежелі "Достық" ордені – бұл жоғары мемлекеттік марапат. Сіздің еңбегіңіз арқасында миллиондаған адамдар Қазақстанды, оның мәдени мұрасын, әсем табиғатын және туристік әлеуетін танысты", – деді Аида Балаева.

Тао Минсю, яғни Тао Тао, алғаш рет 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға шақырылған медиа-инфлюенсер ретінде келді. Сол уақыттан бері ол Астана, Алматы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын аралап, 100-ден астам материал жариялап, жалпы 1 миллиардтан астам қаралым жинады.

2025 жылғы мамырда оған "Қазақстан туризм елшісі" мәртебесі берілді. Блогердің бесінші сапары кезінде ол Алматы – Ақтау – Түркістан бағыты бойынша саяхат жасап, Амал және Наурыз мерекелеріне қатысты.

Марапат Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту контекстін де көрсетеді. Қазіргі кезде екі елдің қарым-қатынасы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінде дамып келеді.