Қытай Қарағанды ​​облысында көмір химия зауытын салады

0
147

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 2 млрд текше метр газды құрайды


Қытай Қарағанды ​​облысында көмір химия зауытын салады

фото: Пресс-служба правительства Казахстана

ERNUR.KZ. Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесті, деп жазады sputnik.kz.
Талқылау барысында Қарағанды облысындағы көмірден газ өндіретін көмір химия зауытының құрылысы бойынша бірлескен жоспарларға назар аударылды.
"Жобалық қуаты жылына 2 млрд текше метр газды құрайды. Өндірісті іске қосу Қазақстанның көмір-химия саласының дамуына жаңа серпін береді. Газдың қосымша көлемі, 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу, экономиканы әртараптандыру, жаңа технологияларды дамыту, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтеді деп күтілуіп отыр", - деп жазылған хабаарламада.
Премьер-министр Қазақстан үкіметі Қытай Халық Республикасымен экономиканың түрлі салаларында, оның ішінде көмір химиясы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретін жеткізді.
Өз кезегінде Ли Вэй Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға және өнеркәсіптің келешегі зор бағытына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.