Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында темекі өнімдерін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды.
Фото: Мемлекеттік крістер комитетінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. 17 маусымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Аухатты» автобақылау бекетінде темекінің заңсыз партиясы ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Темекіні жасырын өткізбек болған
«Мемлекеттік кірістер органдары мен шекара қызметінің бірлескен шаралары нәтижесінде Қырғызстаннан келе жатқан жүк автокөлігінің жасырын бөлігінде хабарланбаған 198 мың қорап «Oris» темекісі анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Темекі өнімдерінде акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдары жоқ.
Істі тергеу департаменті қарайды
Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы тауарлардың заңсыз қозғалысын тоқтату мақсатында Шекара қызметімен бірлескен шаралар жалғасатынын хабарлады.