Күрестен Әлем чемпионатына билеттер сатылымы басталды

0
131

Баспасөз конференциясында Әлем чемпионатының ресми промо-ролигі таныстырылды.


Күрестен Әлем чемпионатына билеттер сатылымы басталды

ERNUR.KZ. Елордада өтетін Күрестен Әлем чемпионатының аудиториясы «Барыс Аренадағы» көрермендермен ғана шектелмейді. Қазақстандағы негізгі телевизиялық алаң – Qazsport. Сонымен қатар Чемпионат жақындаған сайын цифрлық қамту да кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Қазақстандық күрес федерациясы бас хатшысының м.а. Гүлбарам Құлахметова ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында осылай деді.

Сондай-ақ ол Әлем чемпионатына билет сатылымы бүгін ресми түрде басталатынын хабарлады. Спикердің айтуынша, алғашқы кезеңде билеттер «Яндекс» ресурстары арқылы қолжетімді болады, кейін сату арналары қосымша платформалар арқылы кеңейтіледі. Билет бағалары, санаттары және сатып алу тәртібі туралы толық ақпарат Федерация мен Әлем чемпионатының ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

«Бүгін біз сіздерге «Астана-2026» Чемпионатының бағдарламасын, ресми логотипін, Muzbalaq маскотын, медалін, визуалды тұжырымдамасын, халықаралық дайындық алаңын және Чемпионаттан кейін қалуы тиіс мұраны таныстырдық. 24 қазаннан бастап Астана тоғыз күнге әлемдік күрес астанасына айналады. Ал, біздің мақсатымыз – осы 9 күннің әсерін одан да әлдеқайда ұзаққа создыру», – деп қорытындылады Г. Құлахметова.

Айта кетерлігі, баспасөз конференциясында Әлем чемпионатының ресми промо-ролигі таныстырылды.