Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады

0
263

Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 6 маусым деп жарияланды.


Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады
фото: el.kz.
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылдың 2 маусымында еліміздің әртүрлі аймақтарында Құрбан айт мерекесінде оқылатын намаздың уақытын көрсететін кестені жариялады, деп жазады zakon.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 6 маусым деп жарияланғанын еске салды.

"6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!", – деп толықтырды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.