​Құлағы естімей қалды: Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз ұрып-соқты (ВИДЕО)

0
115

Әйел адамның туыстары жоқ екені белгілі болды.


​Құлағы естімей қалды: Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз ұрып-соқты (ВИДЕО)

фото: azattyq-ruhy.kz.

ERNUR.KZ. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында ер адам жұбайын аяусыз соққыға жықты. Желідегі мәліметке сүйенсек, әйел адамның мұрны сынып, құлағынан жарақат алған Салдарынан есту жүйесіне зақым келген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Зардап шеккен әйелдің туыстары жоқ екені, ал күйеуінің көмектесуден бас тартқаны, соққыға жығылған күні енесі үйден қашып кеткені айтылды.
Әйел адамды қаскөй күйеуінің қолынан сыныптастары құтқарып қалған көрінеді. Қазір ол ауруханада жатыр. Сол сияқты күйеуінің есірткіге тәуелді екені, әйел осы үшін үстінен арыз жазбақ болғаннан кейін соққыға жығылғаны белгілі болды.
Жағымсыз оқиғаны облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне пікір берді.
«Соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.