Кредиттің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі

0
96

Кредиттердің мөлшерлемесі алғашқы жарнаның көлеміне байланысты болады.


Кредиттің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі

фото: Sputnik / Наталья Селиверстова

ERNUR.KZ. Ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Агенттік пен Ұлттық банк келесі жылдың 1 шілдесіне дейін кредит мөлшерлемесін есептеудің жаңа әдістемесін енгізуге мүдделі.
"Жаңа әдістеме бойынша ипотеканың мөлшерлемесі алғашқы жарнаның көлеміне байланысты болады және сараланған мөлшерлеменің көлемі бекітіледі. Тұтынушылық кредиттер бойынша дәл сондай әдіс қолданылады", - деді Әбілқасымова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде тұтынушылық кредиттердің орташа мөлшерлемесі 35-36 процентті құрайды.
"Біздің ойымызша жаңа әдістеме мен бәсекелестіктің есебінен мөлшерлеме төмендеуге тиіс", - деп атап өтті агенттік басшысы.