Қостанайда Ботай мәдениетінің мұрасы таныстырылды

0
143

Бағдарлама аясында Қазақстан тарихы мен археологиялық мұрасына арналған шеберлік сабақтары, танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.


Қостанайда Ботай мәдениетінің мұрасы таныстырылды

ERNUR.KZ. Қостанай қаласының 147 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Экспозицияға тастан, сүйектен және қыштан жасалған 139 археологиялық жәдігер қойылды. Сондай-ақ келушілер назарына тақырыптық көркем туындылар мен ежелгі қоныстың макеті ұсынылды.

Көрме қонақтары энеолит дәуіріндегі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен, қолөнерімен және мәдениетімен танысып, жылқыны қолға үйрету тарихы туралы мол мағлұмат алды.

Археологиялық материалдар Ботай мәдениетінің Ұлы Дала тарихындағы орны мен маңызын тереңірек танытуға мүмкіндік берді. Көрмені ежелгі мәдениеттерді зерттеп жүрген шетелдік мамандар да тамашалады.

Бағдарлама аясында Қазақстан тарихы мен археологиялық мұрасына арналған шеберлік сабақтары, танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.