Астанада Қосшы бағытындағы Tarlan Astana (LRT) жүйесінің екінші кезегінің аралық құрылымдарын монтаждау жұмыстары басталды.
Фото: СTS
ERNUR.KZ. Бүгін құрылысшылар алғашқы темірбетон арқалығын көтеріп, орнатты, деп жазады tengrinews.kz.
Компания мәліметінше, монтаждау жұмыстары үшін Қазақстанда алғаш рет арнайы көпір төсегіш пайдаланылды. Ол темірбетон арқалықтарды көтеріп, эстакада бойымен жылжытып, тіреулерге орнатады.
CTS өкілдері бұл технологияны қолдану аралық құрылымдардың құрылысын жеделдетуге және жұмыс кезінде автокөлік жолдарын жабу жиілігін азайтуға мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Еске салайық: Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) – Tarlan Astana құрылысы жалғасып жатыр. Осы жазда елорданы Қосшымен жалғайтын желіде жұмыстар басталды.
Айта кетейік, шілдеде Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің ресми атауы – Tarlan Astana болды. Жоба жүзеге асырылып жатқан көп жылдар ішінде елорда тұрғындары Astana LRT атауына үйреніп қалған еді. Алайда, бұл атау ресми емес, тек әлемнің әртүрлі елдерінде жүретін және LRT немесе жерүсті метросы деп аталатын көлік түрін ғана білдіретін болып шықты.


