Қолөнер шеберлері құрақ құраудан әлемдік рекорд орнатты

0
122

660 қолөнер шебері жалпы ауданы 1366 шаршы метр құрақ көрпе тікті.


Қолөнер шеберлері құрақ құраудан әлемдік рекорд орнатты

Фото: Акимат Абайской области

ERNUR.KZ. Алматыда ұлттық қолданбалы өнерге арналған "Аламан құрақ – 2025" бірегей мәдени жобасы өтті, деп жазады sputnik.kz.
Жобаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 660 қолөнер шебері қатысып, жалпы ауданы 1366 шаршы метр құрақ көрпе жасады. Бұл нәтиже ресми түрде Global Book of Records-та әлемдік рекорд ретінде тіркелген.
Бұл құрақ көрпе жасау қазақ өнеріне арналған алғашқы әлемдік рекорд. Рекордтық жобаның авторы – Аягөз ауданынан Нұргүл Абай. Оның бастамасының арқасында әлемде теңдесі жоқ бірегей мәдени жоба іске асырылды.
Жобаның мақсаты - әлемге қазақ аналарының бірлігін, құрақ құрау өнерінің ерекшелігін және ұлттық мұраның құндылығын көрсету.