Колледжге құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

0
131

Қазіргі уақытта барлық техникалық ақау толық жойылды.


Колледжге құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области

ERNUR.KZ. Оқу ағарту министрлігі жүйедегі ақаулыққа байланысты колледжге құжат қабылдау мерзімін ұзартты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Egov.kz" порталына және "Ұлттық білім беру деректер қоры" (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесіне жүктеменің жоғары болуына байланысты колледжге түсуге өтінім беру кезінде талапкерлер үшін уақытша техникалық қиындықтар байқалды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта барлық техникалық ақау толық жойылды. Барлық талапкер үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында құжат қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімі ұзартылды.
Сараптаудың (конкурстың) аяқталу мерзімі:
шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 24 тамызға дейін;
педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 тамызға дейін;
орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша – 27 тамызға дейін.
Барлық сұрақ бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
1. Айтбаева Нұршат Жамбылқызы – +7 (7172) 74-92-84
2.Сатанов Дархан Оралұлы – +7 (7172) 74-24-65