​Қазақстанда ҚТҚ мен жұмыс істеу саласында 67 жоба іске асырылуда

0
113

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтармен (ҚТҚ) жұмыс істеу саласында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.


​Қазақстанда ҚТҚ мен жұмыс істеу саласында 67 жоба іске асырылуда

ERNUR.KZ. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қуаттарды құру мен жаңғыртуға, мамандандырылған техника паркін жаңартуға, сондай-ақ оларды кәдеге жаратудың жаңа технологияларын енгізуге басты назар аударылады.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғат вице-министрі Жомарт Әлиев хабарлағандай, 2024 жылдан бастап жалпы сомасы 350 млрд теңгеге 67 жоба мақұлданды. Оның ішінде 15 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді.

«Іске асырылған 15 жоба шеңберінде 131 қоқыс тасушы сатып алынды, қуаттылығы жылына 290 мың тонна болатын 3 сұрыптау объектісі және жалпы қуаттылығы жылына 19 мың тоннадан асатын шиналар мен макулатураларды қайта өңдеу бойынша 3 объект іске қосылды. 500-ден астам жұмыс орны құрылды. Барлық жоспарланған 67 жобаны іске асыру 178 бірлік арнайы техника сатып алуға, сұрыптау қуатын жылына 2,3 млн тоннаға, ал қайта өңдеуді жылына 1,1 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді», – деді спикер.