Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болған.
Фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform\ЖИ
ERNUR.KZ. Ақтөбеде бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Әйелдің өліміне қатысты күдікпен бұрынғы күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inform.kz.
Десе де, полиция бұған дейін аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы ешбір арыз-шағым мен хабарламалар түспегенін айтады.
Күдікті 1995 жылы ал жәбірленуші 2000 жылы туған екені белігілі болды. Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ауылдасын пышақтап өлтірді деп айыпталған студент сотталған болатын.


