Ортақ тәжірибе алмасу жер ресурстарын басқаруда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға, үздік тәжірибелерді таратуға және Қазақстанның климаттық тұрақтылық саласындағы өңірлік орталық ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Астанада биыл 22–24 сәуір аралығында өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясында климатқа бейімделген жер пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады. Орталық Азия елдерінде жердің құнсыздануы ең өзекті экологиялық қауіптердің бірі болып қала береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жасыл Даму» АҚ және Жер ресурстарын жобалау жөніндегі мемлекеттік институтпен бірлесіп, жердің деградациясына қарсы күрес, топырақты қалпына келтіру және көміртекті ауыл шаруашылығын дамыту салаларында Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға арналған арнайы панельдік сессия өткізуді жоспарлап отыр.
Ортақ тәжірибе алмасу жер ресурстарын басқаруда бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға, үздік тәжірибелерді таратуға және Қазақстанның климаттық тұрақтылық саласындағы өңірлік орталық ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Саммит аясында Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының жердің деградациясына қарсы іс-қимыл, топырақты қалпына келтіру және көміртекті ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша Бірлескен мәлімдемесін қабылдау көзделуде.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті Бірлескен мәлімдеме жобасын әзірледі, ол жақын уақытта Орталық Азия елдерінің қарауына жолданатын болады.
Құжат өңірлік үйлестіру мен бірлескен бастамаларды іске асырудың негізіне айналады деп күтілуде. Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) – Орталық Азия елдері мен басқа мемлекеттерді климаттың өзгеруі, су ресурстарының тозуы, табиғи ресурстарды тұрақты басқару және басқа да өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін біріктіруге бағытталған халықаралық іс-шара. RES 2026 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында (Қазақстан) өтеді. Саммитке мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылым өкілдерінен тұратын 1500 делегат қатысады деп күтілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев RES 2026-ны БҰҰ-мен әріптестік аясында өткізу бастамасын 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында жариялаған


