"Қиындықтар туындауы мүмкін": СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

0
132

Жағдай өзгерсе, эвакуация кезінде қиындықтар туындауы әбден ықтимал.


ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне саяхаттағысы келетін азаматтарға ескерту жасады, деп жазады baq.kz.

Таяу Шығыс елдеріне туристік мақсатпен баруды жоспарлап жүрген азаматтарымызға айтарымыз: қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, ондай сапарлар туралы жақсылап ойланып, жауапкершілікті өз мойындарыңызға алуларыңызды сұраймыз, - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз конференциясында.

Айтуынша, жағдай өзгерсе, эвакуация кезінде қиындықтар туындауы әбден ықтимал.

Өйткені, ертеңгі күні жағдай күрделенсе, эвакуациялау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, - деді ведомствоның ресми өкілі.