Жол апаты салдарынан жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
видеодан кадрлар
ERNUR.KZ. Астана - Атбасар - Жақсы тасжолында жеңіл көліктер тиелген жүк көлігі аударылып қалды, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан жүк көлігі жол жиегінде жатқанын, ал тиелген көліктерге зақым келгенін көруге болады.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 25 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 300-шақырымында, Перекатное ауылы маңында болған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Бес көлікке зақым келген.
Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


