Кейбір демалыс күндері орталықтар жарты күн жұмыс істейді.
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы
ERNUR.KZ. Жаңа жылдағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың 1-2 қаңтарында, сондай-ақ 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жабық болады. «Сенбі, 3 қаңтар күні кезекші орталықтар таңғы сағат 09.00-13.00 аралығында жұмыс істейді. Ал, 5 және 6 қаңтар күндері орталықтар әдеттегідей ашық болады», - деп хабарлайды корпорация.
Айта кетейік, қазақстандықтар 1 және 2 қаңтар күндері (3 және 4 қаңтар сенбі, жексенбі) сондай-ақ Рождество мерекесіне орай, 7 қаңтар күні демалады.


