Халықаралық іздеуде болған: Қазақстан азаматы Пхукет аралында тығылып жүрген жерінен ұсталды

0
100

​Ол 15 желтоқсан күні қонақүйде ұсталды.


Халықаралық іздеуде болған: Қазақстан азаматы Пхукет аралында тығылып жүрген жерінен ұсталды

Фото: The Thaiger

ERNUR.KZ. Алаяқтық іс бойынша халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Таиландтың Пхукет аралында ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

БАҚ дерегінше, Таиланд полициясы өз елінде қылмыстық жауапкершіліктен бой тасалап жүрген күдіктіні Пхукет аумағында қолға түсірген. Оның ықтимал жүрген жері туралы ақпарат Пхукет провинциясының көші-қон қызметіне түскеннен кейін жедел іздестіру шаралары басталған.

Дүйсенбі, 15 желтоқсанда құқық қорғау органдары Муанг ауданындағы қонақүйлердің бірінен күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстаған.

Ұсталғаннан кейін Таиландтың көші-қон органдары оның ел аумағында болуына берілген рұқсат күшін жойды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесіп, күдіктіні елге қайтару және оны отанында сотқа тарту мәселесі пысықталып жатыр.