Келесі «Silk Way Star» байқауы Қытайда өтеді

0
359

Астанада «Silk Way Star» халықаралық вокалдық байқауының гранд-финалы өтті.


Келесі «Silk Way Star» байқауы Қытайда өтеді

ERNUR.KZ. Байқау жеңімпазы – Моңғолиядан келген Мишель Джозеф. Бұл – 12 елдің орындаушыларын біріктірген Азиядағы алғашқы ауқымды жоба. Келесі байқау Қытайда өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында CMG (Қытай медиакорпорациясы) Еуразия бюросы бас редакциясының меңгерушісі Ван Дэлу хабарлады.

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Silk Way Star» халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтауы ұйымдастыру жұмысына берілген өте жоғары баға.

Сонымен қатар ол Қытай медиакорпорациясы конкурстың тең ұйымдастырушысы екенін атап өтті.

«Біз келер жылы эстафетаны қабылдап, конкурсты өткізуге дайынбыз. Қытай медиакорпорациясының басшылығы байқауды Қытайда өткізу туралы шешім қабылдады. Ал, желтоқсан айында біз оның қашан және қандай форматта өтетінін талқылаймыз. Біз қазақстандық әріптестердің тәжірибесіне сүйенеміз», – деді Ван Дэлу.

Оның пікірінше, «Silk Way Star» жобасы – әлемді қазақ мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік беретін тамаша платформа. Қазақстан – бұл әлемдегі жетекші мәдениеттердің бірі болып саналатын ел, өз имиджін және даму үдерісін белсенді түрде көрсетіп отыр.