Кедендегі даулы іске қатысты экс-шенді Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды

0
86

Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.


Кедендегі даулы іске қатысты экс-шенді Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Бас прокуратура мен ҰӨК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Испаниядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Барселонадан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану фактіcі бойынша күдікке ілінген ел азаматын экстрадициялады, деп жазады zakon.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы сегіз автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деп күдікке ілінген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.

Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.