Мұндай мәліметті елордада өткен Agricom 2025 конференциясында Азық-түлік корпорациясының басқарушы директоры Рустам Жанатаев айтты.
Фото: akorda.kz
ERNUR.KZ. Оның сөзінше, өткен маусымда алыс нарықтарға еліміз 2 миллион тонна жұмсақ бидайды экспорттай алған, деп жазады inbusiness.kz.
– Егер бұрын қазақстандық бидай әлемдік нарықтарда тек дурум және hi-pro сегментінде ұсынылса, онда көліктік субсидиялардың арқасында біз 3-сыныпты қатардағы бидаймен алыс нарықтарға шыға алдық, – деді Рустам Жанатаев.
Шыны керек, қазақстандық бидайды Солтүстік Африка жақсы қабылдап, өнімді жоғары бағалаған. Жалпы, Қазақстан көліктік субсидиялардың нәтижесінде өткен маусымда алыс нарықтарға 2 миллион тонна жұмсақ бидайды экспортады. Десе де, алдыңғы жылдары экспорт көлемі 600 мың тоннадан аспаған еді.
– Үкімет көлік субсидияларын 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл қазақстандық бидайдың әлемдік нарықта болуын сақтауға мүмкіндік береді, – деп сөзін нақтылады Азық-түлік корпорациясының басқарушы директоры.