Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық 48°C-қа дейін жетеді

0
93

Елордада 18-19 шілдеде ауа температурасы 35-36°C-қа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады.


Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық 48°C-қа дейін жетеді

Фото: adm-tavda.ru

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы күндері аптап ыстық күшейеді. "Қазгидрометтің" болжамынша, 18-19 шілдеде елдің оңтүстігінде ауа температурасы 48°C-қа дейін көтеріліп, бірнеше өңірде жоғары өрт қаупі сақталады, деп жазады stan.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күшейеді. "Қазгидромет" мәліметінше, елдің оңтүстігінде ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілсе, бірқатар облыста найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

18-19 шілдеде Түркістан облысы мен Шымкентте күндіз ауа температурасы 45-48°C-қа дейін ысиды. Қызылорда облысында 45-47°C, Жамбыл облысында 45°C-қа дейін, ал Алматы және Жетісу облыстарында 40-45°C ыстық болады.

Сондай-ақ Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында да қатты ыстық сақталады. Көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20-23 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ал Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін жетеді.

Елордада 18-19 шілдеде ауа температурасы 35-36°C-қа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 18-20 шілде аралығында күндізгі ауа температурасы 40-42°C-қа дейін жетеді.