Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі министр орынбасары қызметіне тағайындалды

0
83

Президент сыртқы істер министрлігінде кадрлық өзгерістер жасады.


Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі министр орынбасары қызметіне тағайындалды

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинді Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп жазады sputnik.kz.
Оның орнына Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ержан Ашықбаев тағайындалды.
Президент сонымен қатар бірнеше елшіні тағайындады және босатты, атап айтқанда:
Данияр Сарекенов Қазақстанның Словения Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды;
Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы елшісі болып тағайындалды;
Қазақстанның Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәулет Батырашев Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
Қазақстанның Алжир Халықтық Демократиялық Республикасындағы елшісі Әнуарбек Ахметов бір мезгілде Тунис Республикасындағы елшісі қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.