Қазақстандықтарға тағы бір елге бармау ұсынылды

0
83

Әрбір шетелге шығу кезінде қалыптасып жатқан жағдайды ескере отырып, азаматтарды өте жауапкершілікпен әрі ойланып шешім қабылдауға шақырамыз.


Қазақстандықтарға тағы бір елге бармау ұсынылды

фото: journeytoegypt.com

ERNUR.KZ. Қазақстандық дипломаттар азаматтарды Мысырға сапардан уақытша бас тартуға шақырды, деп жазады ulysmedia.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, ведомство қазақстандықтардың Мысырға баруына тыйым сала алмайды. Алайда қазіргі жағдайды ескере отырып, бұл елге бармауға кеңес береді.

— Әрбір шетелге шығу кезінде қалыптасып жатқан жағдайды ескере отырып, азаматтарды өте жауапкершілікпен әрі ойланып шешім қабылдауға шақырамыз. Тіпті мүмкіндік болса, осы өңір елдеріне сапарды уақытша кейінге қалдырған жөн. Егер қайтып келе алмау немесе қандай да бір қаржылық міндеттемелерге байланысты қауіп бар деп есептесеңіздер, бәрін мұқият зерттеп, содан кейін шешім қабылдаңыздар. Біз тыйым сала алмаймыз, тек қана қатаң түрде ұсыным бере аламыз, — деді Жетібаев.