Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды

0
200

Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.


Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2025 жылы мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымда тойланады, деп жазады zakon.kz.

Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.

Нәтижесінде маусым айында қазақстандықтар тағы бір күн – 6 маусымда демалады.Яғни бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да қызметкерлер жұмыс істемейді.

Жалпы маусымда:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 24 жұмыс күні және 6 демалыс күні