Алдағы екі түнде қазақстандықтар ғажайып астрономиялық құбылысты тамашалай алады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ай, Марс және Юпитер аспанда сирек кездесетін ғарыштық "үштікке" бірігеді, деп жазады tengrinews.kz.
ҒЗИ КЖФИ Күн астрономиясы зертханасы ғалымдарының айтуынша, бүгін және ертең аспаннан Ай, Марс және Юпитердің бір-біріне өте жақын келгенін көріп үлгеруге болады.
"Егер алдағы үш күнде (дәлірек айтқанда, түнде) күн батқаннан кейін бірден осыған ұқсас көріністі байқасаңыз, таңғалмаңыз. Бұл жай ғана аспанда Ай, Юпитер және Венераның бір жерге жиналуы", — деді ғалымдар.
Қазақстандықтар қай уақытта көре алады?
EarthSky мәліметінше, қазақстандықтар бұл ерекше құбылысты 20 және 21 мамырда сағат 23:00-ге таман тамашалай алады.
Планеталар әрі қарай қалай қозғалады?
EarthSky ғалымдары Марс пен Юпитердің ғарыштағы қозғалысын есептеп, 19 күннен кейін планеталардың бір нүктеге түйісетінін және бір-бірінен шамамен үш ай ендігіндей қашықтықта болатынын анықтады.
Болжам бойынша, бұл оқиға 8 және 9 маусымға сай келеді.


