Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл тізімде бірден үш қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.
Фото: sportbugin/instagram
ERNUR.KZ. Каратэден WKF нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг жаңартылып, үздіктер қатары қайта айқындалды деп жазады kaz.inform.kz.
Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл тізімде бірден үш қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.
Атап айтқанда, Мөлдір Жаңбырбай (50 кг), Әсел Қанай (61 кг) және Софья Берульцева (+68 кг) үздік нәтиже көрсетті.
Мөлдір Жаңбырбай жүктілігіне байланысты бір жылға жуық уақыт бойы жарыстарға қатыспаса да, ұпай саны бойынша бірінші орында тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэден Қазақстан құрамасы Премьер-лига турнирін төрт медальмен қорытындылағанын жазған болатынбыз.


