Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

0
95

Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты.


Қазақстандық оқушылар Грекияда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жүлдегер атанды

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауылының Qazygurt командасы Грекияда өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Құрамада Бауыржанқызы Арайлым, Абдрай Ернұр, Жаркинбек Інжу, Амангельдиев Абзал, Жетпіс Ерасыл, Өтепберген Нұрбек, Айбек Еркебұлан және Кенесов Диас өнер көрсетті. Олар Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназияда, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейде және А.С. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте оқиды.

Команданың жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастан Ербол, Үстенов Нұрсұлтан, Нышан Қайыркен және Алимкулов Қуаныш.

Qazygurt командасы халықаралық чемпионатқа жолдаманы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен Alem Tech Fest жарысында жеңіп алған болатын.