​Қазақстандық астық Мароккоға теміржол арқылы жөнелтілді

0
130

Көлемі 105 астық таситын жүк вагоны Латвия аумағы арқылы теміржол көлігімен жүріп өтеді.


​Қазақстандық астық Мароккоға теміржол арқылы жөнелтілді

фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Жаңа-Есіл (Ақмола бөлімшесі) және Сарыкөл (Қостанай бөлімшесі) станцияларынан қазақстандық астықтың бірінші партиясы Марокко Корольдігіне жөнелтілді.

Көлемі 105 астық таситын жүк вагоны Латвия аумағы арқылы теміржол көлігімен жүріп өтеді. Лиепая портында астық теңіз кемелеріне тиеліп, Солтүстік Африка жағалауына жеткізіледі.

ҚТЖ тасымалдау өтінімдерін жедел өңдейді және логистиканы қамтамасыз етеді.

Осы бағытта еліміздің солтүстік өңірінде өндірілген астық тиелген 17 теміржол құрамын жөнелту жоспарланған. Астықтың жалпы көлемі 60 мың тоннаны құрайды.