Қазақстандық әскери қызметшілер Ұлыбританияда оқуға мүмкіндік алды

0
163

Еліміз әскери ынтымақтастыққа қол қойды.


Қазақстандық әскери қызметшілер Ұлыбританияда оқуға мүмкіндік алды

фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Құжатқа қол қою рәсімі Лондон қаласында өткен, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шарада екіжақты әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланып отыр,

Осылайша, Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылған.

ҚР ҚМ Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Лондонға ресми сапармен табан тіреді.

Енді Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар саналмақ.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025-2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.