ХҚКО-ға барушылар саны жыл сайын азайып келеді.
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы
ERNUR.KZ. Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары Apple Store-ға ұқсас цифрлық офистарға айналады. Бұл туралы вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оның айтуынша, бір жыл ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына азаматтар 15 млн рет барады. Соның 80%-ы небәрі 10 мемлекеттік қызмет үшін ғана. Былтырдан бері ең көп сұранысқа ие қызметтер толығымен цифрландырылып жатыр. Кейбір қызметтер тек онлайн форматқа көшірілген. Соның нәтижесінде ХҚКО-ға келушілер саны қарқынды азайып келеді дейді ол.
«Осыған байланысты аталған орталықтар Apple Store үлгісіндегі Цифрлық халыққа қызмет көрсету офистеріне қайта форматталады. Азаматтар қызметтерді өз-өзіне қызмет көрсету арқылы алады. Барлық әкімдікке мұндай офистерді тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді сұраймыз», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.
Министр жайлы Цифрлық халыққа қызмет көрсету офисі — халық үшін әкімдіктің визиттік картасына айналатынын атап өтті.


