Қазақстандағы Freedom қолданушылары жуырда Қытайда тікелей төлем жасай алады

0
103

​Freedom мен Alipay-дің операторы Antom тікелей төлем арнасын дайындап жатыр.


Қазақстандағы Freedom қолданушылары жуырда Қытайда тікелей төлем жасай алады

Фото: Freedom

ERNUR.KZ. Freedom банк пен Antom трансшекаралық төлемдердің жаһандық жүйесін дамыту мақсатында меморандумға қол қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Кездесу барысында Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов Шанхайдағы (ҚХР) жаһандық финтех-нарық өкілдерімен Freedom Банкі Ant International құрылымына кіретін эквайрингтік төлемдер және цифрландыру саласындағы жетекші ойыншы Antom-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ant International әлемге әйгілі Alipay қызметін қоса алғанда, жаһандық цифрлық төлем экожүйесін дамытуда. Құжаттың мақсаты - инновациялық шешімдерді әзірлеу, енгізу және Қазақстандағы тұтынушылар үшін трансшекаралық төлемдерді оңайлату бойынша екіжақты жұмыс үшін негіз қалау.

«Бүгін біз екі елдің клиенттері мен бизнес қауымдастықтары үшін жаңа көкжиектер ашамыз. Біздің экожүйемізді Ant International компаниясының Antom сервисі арқылы қытайлық электрондық коммерция платформаларымен интеграциялау ‒ Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының өсіп келе жатқан көлемінің қисынды жалғасы. Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін болашақта қытайлық маркетплейстердегі транзакциялар ішкі төлемдер сияқты ашық, қауіпсіз және жедел болады», ‒ деп түсініктеме берді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Меморандумға сәйкес, Freedom банкінің SuperApp мобильді қосымшасы Қытайдың жетекші электрондық коммерция платформаларында төлем жасау тәсілі ретінде интеграцияланады. Бұл қадам трансшекаралық онлайн-сатып алудың үздіксіз үдерісін қалыптастыруға бағытталған. Соның нәтижесінде Қазақстандағы тұтынушылар Қытай тауарлары мен әлемдік брендтердің өнімдерін өздеріне таныс әрі қолжетімді төлем тәсілін пайдалана отырып, сатып ала алады

«Біздің Freedom банкімен серіктестігіміз сенімді жергілікті төлем шешімдері арқылы трансшекаралық коммерцияны барынша қолжетімді етуге деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Freedom пайдаланушыларына қытайдың электрондық коммерция платформаларында кедергісіз сауда жасау мүмкіндігін ұсынамыз. Ал алдағы уақытта халықаралық серіктес саудагерлеріміздің кең желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, бизнестің өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстанның қазіргі заманғы цифрлық тұтынушылары үшін әлемді жақындатамыз»,- деп атап өтті Antom-ның бас директоры әрі Ant International компаниясының аға вице-президенті Гэри Лю.

Анықтама үшін:

Freedom банкі туралы

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ – Қазақстан аумағында Freedom сауда белгісімен қызмет көрсететін инновациялық банк. Банк жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Банк ипотекалық қарызды, автокредитті және бизнеске арналған кредиттерді алу үдерісін толық цифрландырды. Банк Қазақстандағы алғашқы INVEST CARD инвестициялық картасын және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Банктің Қазақстанның 20 қаласында филиалдық желісі бар. Банк қаржылық қызметті, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауда жасауды, инвестициялық банкинг және андеррайтинг қызметтерін жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында айналыста.

Antom туралы

Antom (Ant International компаниясының бөлімшесі) – бизнеске арналған төлемдер мен цифрландыру саласындағы қызметтердің жетекші жаһандық провайдері/өнім берушісі/жеткізушісі. Компания кез келген ауқымдағы кәсіпорындарға арналған цифрлық төлемдер бойынша бірыңғай салалық шешімдерді ұсынады.

Antom саудагерлерге 300-ден астам төлем әдісін біріктіруге мүмкіндік береді, бұл оларға 200-ден астам нарықтағы тұтынушылармен өзара әрекеттесуге және 100-ден астам валютада төлемдерді икемді қабылдауды қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Төлем қызметтерінен басқа, Компания цифрлық маркетинг шешімдері мен бизнесті цифрландыру қызметтерін ұсынады, бұл сатушыларға операциялық процестерді оңтайландыруға және тұтынушылардың белсенділік деңгейін арттыруға көмектеседі.

ҚР ҚНРДА-ның банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 07.07.2026ж. № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы.