Қазақстанда жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынды

0
110

Жарты жылға тыйым салынды.


Қазақстанда жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша шектеу енгізді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ведомствоның бұйрығы 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінен барлық көлік түрі арқылы жаңа тауық жұмыртқаларын әкелуге 6 айлық тыйым салынды.

Дегенмен бұл шектеу транзиттік тасымалдарға қатысты емес. Яғни, өнім Қазақстан аумағы арқылы басқа елге өтетін жағдайда немесе ЕАЭО-ға мүше бір елден екінші елге Қазақстан арқылы жеткізілген кезде рұқсат етіледі.