Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқу ақысы қымбаттауда

0
59

Ең жоғары қымбаттау Атырау облысында тіркелген – 36,3%. Сондай-ақ Түркістан облысында (19,6%), Маңғыстау облысында (15,4%), Шымкент қаласында (15,2%) және Астанада (15%) айтарлықтай өсім байқалған.


Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқу ақысы қымбаттауда

Фото: Zako.kz/ Павел Михеев

ERNUR.KZ. Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқу ақысы айтарлықтай өскен. Бір жыл ішінде университеттердегі оқу құны 11%-ға артқан, деп жазады Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, соңғы үш жылдағы оқу ақысының қымбаттауына негізгі себеп – инфляциялық үдерістер. 2024, 2025 жылдары және 2026 жылдың бірінші тоқсанында университеттердегі оқу ақысы ақылы қызметтердің жалпы бағасымен шамалас немесе одан сәл төмен деңгейде болған, деп атап өтті Finprom.kz сарапшылары.

Ең жоғары қымбаттау Атырау облысында тіркелген – 36,3%. Сондай-ақ Түркістан облысында (19,6%), Маңғыстау облысында (15,4%), Шымкент қаласында (15,2%) және Астанада (15%) айтарлықтай өсім байқалған.

Ал ең төмен өсім Қостанай облысында (1,8%), Ақтөбе облысында (5%) және Ұлытау облысында (5,9%) тіркелген. Студенттер көп шоғырланған мегаполис Алматыда оқу ақысы 9,4%-ға қымбаттаған. Ал Алматы облысында баға өзгеріссіз қалған.