Мемлекет басшысының тиісті ұсынысын палата отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов оқыды.
Сара Жармұхамбетова. Фото: sud.gov.kz
ERNUR.KZ. Жоғарғы сот судьясы Сара Жармұхамбетова қызметінен босатылды, деп жазады tengrinews.kz.
Мемлекет басшысының тиісті ұсынысын палата отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов оқыды.
"Сенаттың қарауына Мемлекет басшысының Сара Азымбекқызы Жармұхамбетованы Жоғарғы Сот судьясы қызметінен отставкаға шығуына байланысты босату туралы ұсынысы енгізілді. Судья зейнет жасына жеткен, сот саласында 28 жылдық еңбек өтілі бар", – деді Малахов.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.