Қазақстанда жергілікті криминалитет басқарған трансұлттық ҰҚТ әшкереленді

0
85

Криминалитет өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету деректері бойынша алғаш рет соталды тергеу басталды.


Қазақстанда жергілікті криминалитет басқарған трансұлттық ҰҚТ әшкереленді

polisia.kz

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 50-ден аса қылмыстық іс қозғалды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматыда күзет қызметі ретінде әрекет етіп, іс жүзінде бұзақылық, бопсалау және қару сақтау сияқты заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу деректері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Олардың заңға қайшы әрекеттері биыл қаңтарда тоқтатылды.

"Сонымен қатар, трансұлттық сипаттағы жеті ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша және бір қылмыстық қауымдастық құру дерегі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Криминалитет өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету деректері бойынша алғаш рет соталды тергеу басталды. Бұл істер бойынша тек ел ішінде емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар бар.

"Кейінгі екі жыл ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу деректері бойынша қозғалған 90-нан аса қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді. 13 ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша сот шешімдері шығарылды. Бұл істер бойынша 130-дан аса адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мысалы Qarmet АҚ нысандарынан ұрлық жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты көп эпизодты қылмыстық іс бойынша 24 адам әртүрлі мерзімге сотталды, оның ішінде топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Қуандық Алпыс.