Қазақстанда жаңа Конституция туралы сайт іске қосылды

0
87

Сайтта Конституция жобасының толық мәтіні жарияланған.


Қазақстанда жаңа Конституция туралы сайт іске қосылды

Фото: Сайттан скрин

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа Конституция туралы ақпарат пен референдумға дейнгі күнді көрсететін жаңа сайт пайда болды, деп жазады stan.kz.

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін" жалпыұлттық коалициясы referendum2026.kz порталын таныстырды. Бұл сайт алдағы өзгерістер туралы ақпарат көзі ретінде құрылған.

Сайтта Конституция жобасының толық мәтіні жарияланған. Кейін мұнда сарапшылардың пікірлері мен енгізілетін өзгерістер бойынша кең түсіндірмелер орналастырылатыны айтылды. Сондай-ақ референдум күніне дейінгі кері санау таймері бар.

Бұдан бөлек, платформада коалицияның өңірлердегі жұмысы туралы жаңалықтар, бейнематериалдар және интерактивті контент жарияланады.