Қазақстанда университеттердің ұлттық рейтингі пайда болады

0
147

​Жоғары нәтиже көрсеткен университеттерге академиялық еркіндік кеңейтіледі.


Қазақстанда университеттердің ұлттық рейтингі пайда болады

ERNUR.KZ. Елімізде жоғары оқу орындарын бағалайтын ұлттық рейтинг іске қосылады. Жоғары нәтиже көрсеткен университеттерге академиялық еркіндік кеңейтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп жазады baq.kz.

Келесі жылдан бастап жоғары оқу орындарын объективті индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде бағалауды қарастыратын ЖОО-лардың ұлттық рейтингі енгізіледі. Рейтинг нәтижелері кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде ескерілетін болады. Рейтингтік көрсеткіштері жақсы жоғары оқу орындарына қосымша академиялық дербестік беріледі, - дейді Нұрбек.

Оның айтуынша, жоғары білімді қаржыландыруды әртараптандырудың тағы бір құралы — эндаумент-қорлар. 2025 жылғы 30 маусымда Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында Эндаумент-қорлар туралы заң қабылданды.

Заңды іске асыру аясында 2026 жылғы 2 ақпанда жаңа заңнамалық модель бойынша Қазақстандағы алғашқы «Ғылым және білім эндаумент-қоры» мемлекеттік тіркеуден өтті, қорға Alageum Electric компаниясы 10 млрд теңге бөлді, - дейді министр.