Сұлулық байқауының жеңімпазынан тәж тартып алынды

0
177

Куинь Ань 2 қазанда Хайфон қаласында өткен байқауда 29 қатысушының арасынан озып, жеңімпаз атанған.


Сұлулық байқауының жеңімпазынан тәж тартып алынды

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. "Әлем аруы – Вьетнам – 2026" байқауын ұйымдастырушылар келісім талаптарын бұзғаны үшін Нгуен Куинь Аньды жеңімпаз атағынан айырды, деп жазады zakon.kz.

VietnamNet басылымының мәліметінше, тәжден айыру туралы шешімді 2026 жылғы 18 қарашада байқаудың ұйымдастыру комитетінің басшысы Фам Зуй Кхань жариялаған. Бұған дейін модельге алты ай бойы жеңімпаз атағымен іс-шараларға қатысуға тыйым салынған. Алайда оған жағдайды түзетуге мүмкіндік берілген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Куинь Ань алдын ала келісімсіз бір іс-шараға қатысқан. Сондай-ақ ол басқа бір басқарушы компанияның таныстырылымына барып, сол жерде эксклюзивті келісімшартқа қол қойылғаны жарияланған. Ұйымдастыру комитеті мұны өзара келісімді бұзу әрі байқаудың беделіне нұқсан келтіру деп бағалаған.

Ал ару бұған дейін психикалық денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғанын, демалып, емделу үшін үзіліс алуы қажет екенін айтқан. Сондай-ақ ол әзірге мансабын басқару жөніндегі келісімшартқа қол қоюға дайын емес екенін мәлімдеген.

Куинь Ань 2 қазанда Хайфон қаласында өткен байқауда 29 қатысушының арасынан озып, жеңімпаз атанған. Бұл оның байқаудағы екінші талпынысы еді. 2024 жылы ол "Әлем аруы – Вьетнам" байқауында бірінші вице-мисс атанған.

Ал Пуэрто-Рико астанасы Сан-Хуан қаласында "Әлем аруы" байқауының 75-маусымы өтіп жатыр. Онда қазақстандық ару сахнаға алтын бүркіттің алып қанатымен шығып, көрермендердің назарын аударды.