Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі жеңілдеді

0
168

Бұл шешім әсіресе балансында жатақханалар немесе қызметтік тұрғын үйлер бар ұйымдар үшін өзекті.


Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі жеңілдеді

Фото: «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұйымдар атынан азаматтардың тіркелуін растау жеңілдеді. Енді балансында тұрғын үй қоры бар заңды тұлғаның бірінші басшысы тұрғылықты жері бойынша тіркеуге берілген өтінімдерді растау өкілеттігін уәкілетті қызметкерге бере алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл шешім әсіресе балансында жатақханалар немесе қызметтік тұрғын үйлер бар ұйымдар үшін өзекті. Атап айтқанда, студенттерді тіркеуге қатысты өтінімдер көп түсетін жоғары оқу орындары, академиялар және мемлекеттік мекемелер үшін тиімді.

Бұған дейін ұйым иесі тарапынан растауды талап ететін мемлекеттік қызметтерге өтінімдерге тек бірінші басшы ғана қол қоя алатын (бұл жағдайда ректорлар), сондықтан процесс жиі созылып кететін. Енді жаңарту арқылы бұл өкілеттік қызметкерге беріліп, азаматтардың өтінімдерін қарау үдерісі жеделдейді.

«Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметін пайдалану үшін қызметкер «Қол қою құқығы бар қызметкер» мәртебесімен ЭЦҚ алуы қажет. Өкілеттігі расталғаннан кейін ол заңды тұлға атынан тұрғылықты жері бойынша тіркелуге берілген өтінімдерді өз бетінше растай алады. eGov.kz порталындағы «Жеке кабинетте» өтінімдер бойынша хабарламалар әрі басшыға, әрі уәкілетті қызметкерге қолжетімді болады. Бұл өтінімдерді жедел өңдеуге және тіркеуді растау кезінде туындайтын кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.