Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалуда

0
132

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ақпараттық картасы әзірленіп жатыр.


Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалуда

ERNUR.KZ. Бұл платформа елдегі колледждер туралы кешенді әрі өзекті деректерді бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта ұсынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Интерактивті карта пайдаланушыға қажетті өңірді тез таңдауға және сол аймақтағы колледждердің, студенттер мен оқытушылардың санын, жатақханалар, спорт залдары және өзге де нысандар, даярлық бағыттары мен мамандықтар тізімі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Платформа облыстар, аудандар, нақты колледждер және білім беру бағдарламалары бойынша икемді жүйемен жабдықталған.

«Бүгінде мұндай ақпарат тек жекелеген платформаларда немесе жергілікті атқарушы органдардың сайттарында ғана жинақталады. Жаңа карта ел бойынша барлық деректерді біріктіріп, уәкілетті органдар үшін де, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы құралға айналады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру картасының өзекті нұсқасы сайтта орналастырылған. Пилоттық жүйені іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған.

Жүйе «Talap» КЕАҚ ресми сайтында және map.talap.edu.kz/map мекенжайы бойынша қолжетімді.