Қазақстанда тағы бір министрлік құру ұсынылды

0
117

Исмаиловтың айтуынша, жақында елдің оңтүстігіндегі электр энергиясының жаппай өшуі жүйелік қатені тағы бір мәрте көрсетті.


Қазақстанда тағы бір министрлік құру ұсынылды

ЖИ/ Ulysmedia

ERNUR.KZ. Сарапшы Асқар Исмаилов Қазақстанда мұнай-газ саласымен айналысатын жеке ведомство құру қажет деп есептейді, деп жазады ulysmedia.kz.

Исмаиловтың айтуынша, жақында елдің оңтүстігіндегі электр энергиясының жаппай өшуі жүйелік қатені тағы бір мәрте көрсетті. Оның пікірінше, электр энергетикасы мен мұнай-газ саласын бірдей тиімді басқару – аса қиын міндет.

Сарапшы бұл екі бағыттың тәуекелдері, жоспарлау мерзімдері мен қажетті құзыреттері әртүрлі екенін атап өтті. Электр энергетикасында желілердің тозуы, генерация тапшылығы және тариф мәселелері өзекті болса, мұнай саласы өнімді бөлу туралы келісімдерге , экспорт пен мұнай өңдеуге қатысты сын-қатерлерге тап болып отыр.

Оның пікірінше, бір министрлік құрамында болған кезде басымдықтар өзгеріп, салалардың бірі сөзсіз екінші орынға ығысады.

Дәйексөз

– 14 тамыздағы блэкаут алғашқы белгі емес. Елге тек электр энергетикасы, жылумен жабдықтау және жүйенің тұрақтылығы мәселелерімен айналысатын мамандандырылған құрылым қажет. Ал мұнай-газ саласы өз бағыты бойынша жұмыс істеуі керек және электр энергетикасымен назар үшін бәсекеге түспеуге тиіс.
Бұл жерде жауапкершілік мәселесі де туындайды. Энергетика министрлігін екі дербес органға – бірі мұнай-газ саласына, екіншісі электр және жылу энергетикасына жауап беретін етіп бөлу мәселесі әлдеқашан пісіп-жетілді. Бұл бюрократия мәселесі емес. Бұл – әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар аса маңызды инфрақұрылым салаларын басқару сапасына қатысты мәселе. Мұндай ескертулерді елемеу барған сайын қымбатқа түседі, – деп есептейді Асқар Исмаилов.