Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы жыл соңына дейін сақталады

0
110

​Экономика министрлігінің тиісті бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.


Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы жыл соңына дейін сақталады

Фото: Pixabay

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі ішкі нарыққа биржадан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көтерме саудасындағы баға шегін ұзарту бастамасын көтерді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомствоның тиісті бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобада 2025 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасын ҚҚС-сыз тоннасына 51 932 теңге деңгейінде сақтау ұсынылады. Бұл баға осы жылдың қаңтар айында қабылданған және 30 маусымда мерзімі аяқталатын бес айлық бұйрықта белгіленген еді.

«Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағымсыз салдарға әкелмейді», – деп көрсетілген бұйрықтың түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасына арналған қоғамдық талқылау мерзімі биыл 24 маусымда аяқталады. Егер бұйрық бекітілсе, ол 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады.