Бұйрық "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдауға қатысты кейбір мәселелер туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.
Құжатқа сәйкес:
"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігі арқылы шығару тыйымын алты ай мерзімге енгізу"
Тыйым Қазақстандағы ішкі нарықты сұйытылған мұнай газы өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін болады.
Шектеу 2026 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енеді.
Бұйрық "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.
Еске салсақ, 2025 жылғы 14 қарашадан бастап Қазақстанда пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігі арқылы экспорттауға тыйым тағы алты айға ұзартылған болатын.


