Қазақстанда SIM-карталарды тіркеуге жаңа шектеулер енгізіледі

0
130

Жеке деректерді қорғау, электронды қолтаңба және информатизация саласындағы талаптарды бұзуға байланысты жауапкершілік күшейтілген.


Қазақстанда SIM-карталарды тіркеуге жаңа шектеулер енгізіледі

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. 30 желтоқсаннан бастап SIM-карталарды заңсыз пайдалануды шектеуге бағытталған жаңа талаптар күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz.

Елде қаржы нарығын дамыту және тұтынушылардың деректерін қорғау мәселелеріне қатысты заңдарға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, бір абонентке 10 нөмірден артық тіркеуге тыйым салынады, ал одан көп нөмір үшін себеп көрсету міндеттеледі. SIM-карта рәсімдеу кезінде биометрикалық тексеру қолданылады.

Бұдан бөлек, байланыс операторлары ішкі алаяқтыққа қарсы жүйелерін күшейтіп, рұқсат етілмеген трафикті бұғаттауға міндеттеледі. Барлық оператор үшін – жергілікті, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыста – алаяқтық қоңыраулар мен хабарламаларды өткізуге толық тыйым енгізілмек.

Министрлік бұл шаралар азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттердің алдын алуға көмектеседі деп отыр. Деректердің көп жағдайда фишинг, әлеуметтік инженерия, ішкі қызметкерлердің заңсыз әрекеттері немесе пайдаланушылардың цифрлық гигиенасының төмендігі салдарынан қолды болатыны айтылды.

Осыған байланысты елде жеке деректерге қолжетімділікті бақылауға арналған мемлекеттік қызмет іске қосылды. Онда мемлекеттік жүйелерден алынатын келісімдер тіркеледі.