Елді мекендердің нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейіне жыл сайын мониторинг жүргізеді.
ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік стандарттар жүйесіне (ӨСЖ) сәйкес, өмір сүруге қолайлы және инфрақұрылыммен жақсы қамтылған өңірлерді атады, деп жазады baq.kz.
Ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердің нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейіне жыл сайын мониторинг жүргізеді.
ӨСЖ жүйесі 12 бағытты қамтиды:
• білім беру;
• денсаулық сақтау;
• әлеуметтік қамтамасыз ету;
• мәдениет және спорт;
• демалыс;
• көлік;
• жолдар;
• инженерлік инфрақұрылым;
• қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау;
• ақпараттық-коммуникациялық қызметтер;
• тұрмыстық және сервистік қызметтер.
Бұл бағыттар бойынша әр өңірдің инфрақұрылымдық жағдайы мен қажеттіліктері бағаланады.
Ең жоғары көрсеткіш келесі өңірлерде:
• Алматы қаласы – 92,1%
• Астана қаласы – 89,3%
• Шымкент қаласы – 88,1%
• Маңғыстау облысы – 71,3%
• Павлодар облысы – 69,2%
Ең төмен көрсеткіштер тіркелген өңірлер:
• Абай облысы – 56,3%
• Ұлытау облысы – 59,0%
Инфрақұрылымды дамыту шаралары:
Министрліктің мәліметінше, өңірлер арасындағы айырмашылықты азайту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
“Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында 2022–2024 жылдары ауыл инфрақұрылымын жаңғырту үшін республикалық бюджеттен:
• Абай облысына – 18,8 млрд теңге (221 жоба жүзеге асырылған);
• Ұлытау облысына – 6 млрд теңге (37 жоба іске асырылған) бөлінді.
2025 жылы осы бағдарлама аясында:
• Абай облысына – 8,6 млрд теңге,
• Ұлытау облысына – 5,2 млрд теңге бөлінуі жоспарланып отыр.
Сонымен қатар трансферттерді қалыптастыру кезінде мақсатты көрсеткіштерден ең көп артта қалған елді мекендерге басымдық беріледі.