Қазақстанда қарттар саны ең көп өңірлер аталды

0
80

Қалаларда 60 жастан асқан 1 894 268, ауылдық жерлерде 1 029 204 адам тұрады.


Қазақстанда қарттар саны ең көп өңірлер аталды

Фото: Kazinform/ЖИ

ERNUR.KZ. 2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны 2 923 472 адамды құрады, деп жазады inform.kz.

Бұл ел халқының 14,2%. Оның ішінде:

Ерлер — 1 163 270,

Әйелдер — 1 760 202

60+ халық саны ең көп өңірлер:

Алматы қаласы — 328 385,

Түркістан облысы — 216 544,

Қарағанды облысы - 212 487,

Алматы облысы — 203 499,

Астана қаласы — 171 138.

— Қалаларда 60 жастан асқан 1 894 268, ауылдық жерлерде 1 029 204 адам тұрады. Қазақстанда 100 жастан асқан 1 323 адам бар. 2026 жылғы II тоқсанда 60 жастан асқан жұмыспен қамтылғандар саны — 465 302. 2025 жылы зейнетақы алушылар саны — 2 415 095, — делінген статистикалық деректе.