Билл Гейтс ЖИ миллиардтаған адамның өмірін жалмайтынын ескертті

0
105

Бұл туралы Microsoft технологиялық корпорациясының негізін қалаушылардың бірі америкалық NBC News телеарнасының эфирінде айтты.


Билл Гейтс ЖИ миллиардтаған адамның өмірін жалмайтынын ескертті

Фото: Билл Гейтстің Facebook парақшасынан

ERNUR.KZ. Билл Гейтс жасанды интеллект жер бетінде үлкен апаттарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, АҚШ билігін шұғыл түрде қатаң бақылау және қадағалау ережелерін енгізуге шақырды, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Microsoft технологиялық корпорациясының негізін қалаушылардың бірі америкалық NBC News телеарнасының эфирінде айтты.

"Күмән жоқ, жасанды интеллект миллиард адамның өліміне әкелетін оқиғаларды тудыруға жеткілікті күшке ие”, – деп мәлімдеді Билл Гейтс.

Сонымен қатар Гейтс тарихта жасанды интеллекттің соңғы құралдарын қолданатын арам ниетті адамдар сияқты қуатты қару болмағанын тілге тиек етті.

Елеулі қауіптерге байланысты 70 жастағы кәсіпкер бұл технологияны заңнамалық тұрғыдан реттеуді ұсынды. Оның айтуынша, Вашингтонда тиісті заңдар міндетті түрде қабылдануы керек. Билл Гейтс атқарушы билік пен заң шығарушылардың жасанды интеллект технологиясына қатысты міндетті қауіпсіздік шаралары мен бақылау тетіктерін енгізу жөнінде келісуі қажет екенін айтты.

"Өзін-өзі реттеу жеткілікті болады деп ешкім сенбейді", – деп мәлімдеді Билл Гейтс.

Бұған дейін жасанды интеллект саласындағы жетекші әзірлеушілер, соның ішінде Anthropic және ChatGPT әзірлеушісі OpenAI компаниялары да жасанды интеллектіні дамыту қарқынын бәсеңдету қажеттігін айтқан.