Ауғанстанда 5,8 балдық жер сілкінісі болды

0
104

Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:29–да болған.


Ауғанстанда 5,8 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Ауғанстан аумағында 1 қазан күні таңертең 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.

ҚР ҰЯО Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 06:29–да (Гринвич уақытымен 01:29–да) болған.

Оның эпицентрі 36,46° солтүстік ендік пен 68,51° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісі 18 шақырым тереңдікте тіркеліп, энергетикалық класы K=13,2, магнитудасы 5,8 деп бағаланды.

Еске салайық, 28 қыркүйек күні сағат 09:38–де жер сілкінісі тіркелген болатын. ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан 8 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Сол күні Алматы облысында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл — 28 қыркүйекте болған екінші жер сілкінісі.